Перейти к тексту документа

2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 4-119 · принят 01.03.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 06.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-51634/?version=51634_194578.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 4-119 ·01.03.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 4-119 · принят 01.03.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
4-119
Дата принятия
01.03.2010
Показанная редакция
06.01.2011 · действующая 51634_194578.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
06.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DA000116
Идентификатор ЭКБ
51634
Идентификатор редакции
51634_194578
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:53

0 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5–бабы 2-тармағына, 7–бабының 5-4)-тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2009 жылдың 10 желтоқсанындағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 шешімін (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда тіркелген нөмірі 2-1-110, "Талдықорған" газетінің 2010 жылдың 15 қаңтарындағы 3-нөмірінде жарияланған), 2010 жылғы 18 қаңтардағы 2010 жылы Өңірлік жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында, Алматы облысының бюджетіне бөлінген мақсатты трансферттер қорытындысы туралы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Алматы облысы әкімінің арасындағы келісімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нысаналы топтарға арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады) жұмыссыз азаматтарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, алты ай мерзімге дейінгі әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орнын құру жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

4 4. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан):

1 1) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мен жолдауды;

2 2) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.