2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Действует
Постановление
·№ 62
·
по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 62
- Дата принятия
- 26.03.2010
- Показанная редакция
- 26.03.2010 · действующая 51793_172138.kaz
- Последнее изменение
- 26.03.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10NP000103
- Идентификатор ЭКБ
- 51793
- Идентификатор редакции
- 51793_172138
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:43
0 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына мына санаттағылар жатады деп белгіленсін:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмаған (он екі айдан асқан);
14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
15 15) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.
2 2. Жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі уәкілетті органы (одан әрі уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын:
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;
3 3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуының орындалуын бақыласын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
"Науырзым ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің
бастығы
_____________ Ә. Сансызбаев
"Науырзым ауданының қаржы
бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
___________ Р. Бөдекенова