Перейти к тексту документа

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Постановление · № 82 · принят 22.04.2010
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-52462/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Действует Постановление ·№ 82 ·22.04.2010
Редакция от 22.04.2010
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 22.04.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Действует Постановление ·№ 82 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Наименование (каз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
82
Дата принятия
22.04.2010
Показанная редакция
22.04.2010 · действующая 52462_173342.kaz
Последнее изменение
22.04.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10NP000108
Идентификатор ЭКБ
52462
Идентификатор редакции
52462_173342
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:19

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.

3 3. "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;

2 2) әскери қызметтен өту үшін жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу бойынша іс-шараларын ұйымдастырсын.

4 4. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырушылардың уақытылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

5 5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.

6 6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:

1 1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;

2 2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.

7 7. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті Науырзым ауданының
iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
__________________ О. Жанатов
22 сәуір 2010 жыл
"Қостанай облысы Науырзым ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Е. Смағұлов
22 сәуір 2010 жыл

Действующая