Перейти к тексту документа

Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы

Постановление · № 99 · принят 18.05.2010
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-52987/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы Действует Постановление ·№ 99 ·18.05.2010
Редакция от 08.04.2011
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 08.04.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы

Действует Постановление ·№ 99 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
99
Дата принятия
18.05.2010
Показанная редакция
08.04.2011 · действующая AI52987_1.kaz
Последнее изменение
08.04.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10KL000075
Идентификатор ЭКБ
52987
Идентификатор редакции
AI52987_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:09

0 Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы ХХ сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 20/174 шешіміне (нормативтік – құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-12-64) сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыспен қамту мәселесіне жауапты уәкілетті органы "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға:

1 1) жұмыс істеуге тілек білдірген жұмыссыз түлектерді қабылдау және жұмысқа жіберу тапсырылсын;

2 2) уәкілетті орган және аудандағы жұмыс берүшілермен жастарды диплом алғаннан кейінгі тәжірибелік жұмыстарға жіберу жөніндегі келісім-шартқа отыру ұсынылсын.

2

2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері республикалық трансферттерден бөлінген сомасынан жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

3

3. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 28 шілде 2009 жылғы "Жаңаарқа ауданында 2009 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы" N 235 қаулысының Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 14 тамыз 2009 жылы N 8-12-56 тіркелген, 29 тамыз 2009 жылғы N 43-44 (9338) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік-құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Действующая