2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
ҚАЗ2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 6
- Дата принятия
- 24.12.2009
- Показанная редакция
- 24.12.2009 · действующая AI53166_0.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.12.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09MC000095
- Идентификатор ЭКБ
- 53166
- Идентификатор редакции
- AI53166_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:33
0 2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17 - бабының 3 - тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.
2 2. Село, селолық округтер әкімдері өздері басқаратын әкімшілік аумақтық бірлікте орналасқан тиісті ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілер тізімін Қорғаныс бөліміне берсін.
3 3. Мыналарға ұсынылсын:
1 1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Ақшабаев):
азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;
2 2) «Бейнеу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ж.Сүйінов):
шарттық негізде дәрігерлік шараларды өткізу;
Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлу;
әскер жасына дейінгілердің 2010 жылдың 10 - қаңтарынан 31 - наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өту талдамаларын, қан және дәрет сараптамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз ету;
шақыру учаскесін қажетті дәрі - дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
тіркелгендерді сапалы медициналық куәландырумен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда Медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгілерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастыру, бұл үшін емдеу орындарынан қажетті санда төсек - орын бөлу;
3 3) Қорғаныс бөліміне (С.Қабиев):
әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру;
тіркеу кезінде әскери оқу орындарын үміткерлерді іріктеу жүргізу;
2010 жылдың 10 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.