Перейти к тексту документа

2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Иной акт · № 6 · принят 24.12.2009
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-53166/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Действует Иной акт ·№ 6 ·24.12.2009
Редакция от 24.12.2009
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 24.12.2009. Это последняя редакция в корпусе.

2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Действует Иной акт ·№ 6 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
6
Дата принятия
24.12.2009
Показанная редакция
24.12.2009 · действующая AI53166_0.kaz
Последнее изменение
24.12.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09MC000095
Идентификатор ЭКБ
53166
Идентификатор редакции
AI53166_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:33

0 2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17 - бабының 3 - тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.

Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.

2 2. Село, селолық округтер әкімдері өздері басқаратын әкімшілік аумақтық бірлікте орналасқан тиісті ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілер тізімін Қорғаныс бөліміне берсін.

3 3. Мыналарға ұсынылсын:

1 1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Ақшабаев):

азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;

2 2) «Бейнеу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ж.Сүйінов):

шарттық негізде дәрігерлік шараларды өткізу;
Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлу;
әскер жасына дейінгілердің 2010 жылдың 10 - қаңтарынан 31 - наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өту талдамаларын, қан және дәрет сараптамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз ету;
шақыру учаскесін қажетті дәрі - дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
тіркелгендерді сапалы медициналық куәландырумен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда Медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгілерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастыру, бұл үшін емдеу орындарынан қажетті санда төсек - орын бөлу;

3 3) Қорғаныс бөліміне (С.Қабиев):

әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру;
тіркеу кезінде әскери оқу орындарын үміткерлерді іріктеу жүргізу;
2010 жылдың 10 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.

4 4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру тапсырылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.

6 6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

Действующая