2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗ2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 8
- Дата принятия
- 10.12.2010
- Показанная редакция
- 10.12.2010 · действующая 56980_173951.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.12.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10NP000113
- Идентификатор ЭКБ
- 56980
- Идентификатор редакции
- 56980_173951
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:44
0 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. 2011 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін аудан аумағында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесiне тiркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2
2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар өткізілсін.
3
3. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезенінде ұсынылсын: әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу нарядтарын оқу орындарына жеткізу; алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдарымен қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстын басталғаны туралы хабарландыру беру.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
"КЕЛIСIЛДI"
"Қостанай облысы Науырзым
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Е. Смағұлов
2010 жылғы 13 желтоқсанда
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Науырзым аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
___________ С. Исмағұлова
2010 жылғы 13 желтоқсанда