Перейти к тексту документа

9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы

Постановление · № 10/181 · принят 30.06.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 19.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/9-ekb-41017/on/2026-08-19/
Напечатано 2026-08-19 · adilet.kz
9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 10/181 ·30.06.2008
Редакция от 30.06.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 19.08.2026: от 30.06.2008. Это последняя редакция в корпусе.

9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 10/181 · по состоянию на 19.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы
Наименование (каз.)
9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
10/181
Дата принятия
30.06.2008
Показанная редакция
30.06.2008 · действующая 41017_321717.kaz
Последнее изменение
30.06.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08KP000034
Идентификатор ЭКБ
41017
Идентификатор редакции
41017_321717
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:12

0 9 - мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 28.04.1995 жылғы №2247 «Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысына қтысқан соғыс ардагерлері мен мүгедек азаматтарға және теңестірілгендерге бір рет берілетін материалдық көмек көрсетудің қағидасы бекітілсін.

2 2. Үлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 9 – мамыр Жеңіс күніне бір рет берілетін материалдық көмекті тағвйындау мен төлеуді басшылыққа алуды міндеттеймін.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Қожақметовке тапсырамын.

4 9 - мамыр Жеңіс күніне байланысты бір жолғы материалдық көмек төлеудің Қағидасы

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «30» маусым
қаулысымен бекітілсін
9 - мамыр Жеңіс күніне байланысты бір жолғы материалдық көмек төлеудің Қағидасы

1 1. Бір жолғы берілетін материалдық көмекті алудың құқығы.

Бұл материалдық көмек бір рет қана беріледі.

1.1 1.1. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындауға Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагерлері мен мүгедектері бюджет қаржысына байланысты және оларға теңестірілгендерге көмек алуға құқылы болады.

2 2. Көрсетілген атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері.

2.1 2.1. 2008 жылға қаралған бюджет қаражаты шегінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 еселенгені және теңестірілгендерге ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселенгені мөлшерінде қаржылай төленеді.

3 3. Бір жолғы материалдық көмекті көрсетудің тәртібі.

3.1 3.1. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау МЗТО-ның аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жылдың 1 – мамырындағы ұсынылған тізім бойынша жүргізіледі.

3.2 3.2. Аудандық зейнетақы төлеу орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жоғарыда айтылған төлемдерді алуға құқылы адамдардың саны туралыақпарат береді.

3.3 3.3. Қаржының түсуіне орай бір рет берілетін материалдық көмектің соммаларын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берген тізімдері бойынша алушылардың АҚ «Қазпошта» бөлімшелеріне аударады.

4 4. Бір жолғы берілетін атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру көздері аудан бюджетінің есебінен беріледі.

Действующая