"Жер салығының cтавкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 3-27/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Жер салығының cтавкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 3-27/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- "Жер салығының cтавкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 3-27/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 40-351/IV
- Дата принятия
- 23.12.2010
- Показанная редакция
- 31.01.2013 · действующая AI57124_1.kaz
- Последнее изменение
- 31.01.2013
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UJ000160
- Идентификатор ЭКБ
- 57124
- Идентификатор редакции
- AI57124_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:32
0 "Жер салығының cтавкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 3-27/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № ХХVІІ-238 "Сайрам ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Жер салығының ставкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 3-27/ІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1090 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпанда "Мәртөбе" газетінің № 3 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын".