Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
ҚАЗЭротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 95
- Дата принятия
- 26.04.2006
- Показанная редакция
- 26.04.2006 · действующая 103996_332198.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.04.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06TF000041
- Идентификатор ЭКБ
- 103996
- Идентификатор редакции
- 103996_332198
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:30
0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес және Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 1 қарашадағы №308 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы» Қаулысының негізінде эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі» бекітілсін (қосымша).
2 2. Округтер әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрқты үй-жайлар белгілесін.
3 3. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы №204 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Батыровқа жүктелсін.
«Казпочта» акционерлік қоғамының
Индер аудандық торабының меңгерушісі
Қ.Жанузақова
«26» сәуір 2006 жыл
5 Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«26» сәуірдегі №95 қаулысына
қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайты мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы (бұдан әрі-Заң) негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар саудада тәртіпке келтіруге бағытталған.
2 2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.
3 3. Заңның 1 бабының 14 тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.
2 2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату
4 4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
5 5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.
6 6. «Казпочта» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалынан тіркеме қағаздарымен келген эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сатылатын орындар төмендегіше белгіленсін:
«Казпочта» акционерлік қоғамының Индер аудандық торабы және Жарсуат, Бөдене ауылдық, Елтай, Кулагино, Өрлік, Көктоғай селолық бөлімшелері.