«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 190
- Дата принятия
- 18.03.2002
- Показанная редакция
- 18.03.2002 · действующая 12000_295382.kaz
- Последнее изменение
- 18.03.2002
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0001703
- Идентификатор ЭКБ
- 12000
- Идентификатор редакции
- 12000_295382
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:14
0 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан
Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының
23-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің" тәртібі бекітілсін.
2 2. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тоқсандық төлем мөлшері 9685 теңге болып бекітілсін.
3 Облыс әкімиятының
2002 жылғы 18 наурыздағы
N 190 қаулысымен
бекітілді
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын
мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің
тәртібі
Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектептерде тәрбиелеу және оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасының мүмкіншілігі мен тілегіне қарай оларды тәрбиелеу және оқыту үйінде жүргізіледі.
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған материалдық көмекті ата-аналарының бірінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша мүгедек баланың тұратын жеріне қарайқалалық (аудандық) еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдері тағайындайды.
Материалдық көмектағайындау үшін төмендегідей құжаттар тапсырады:
1 1. Өтініші;
2 2. Облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомстволық психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссия беретін мүгедек баланы оқыту қажеттілігі туралы анықтама;
3 3. Тұрғылықты жері туралы анықтама;
4 4. Тууы туралы куәліктің көшірмесі.
Материалдық көмек тоқсан сайын тағайындалып төленеді. Материалдық көмекті көрсететін қаржы көздері аудандық және Қызылорда қалалық бюджеттері болып табылады.