Перейти к тексту документа

Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы

Закон · № 25/218 · принят 17.02.2003
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 13.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-14914/on/2026-08-13/
Напечатано 2026-08-13 · adilet.kz
Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы Утратил силу Закон ·№ 25/218 ·17.02.2003
Редакция от 28.09.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 13.08.2026: от 28.09.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы

Утратил силу Закон ·№ 25/218 · по состоянию на 13.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы
Вид акта
Закон
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
25/218
Дата принятия
17.02.2003
Показанная редакция
28.09.2012 · действующая AI14914_1.kaz
Последнее изменение
28.09.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V03KL001098
Идентификатор ЭКБ
14914
Идентификатор редакции
AI14914_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 22:27

0 Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2012.09.28 N 9/60 шешімімен.
23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес 10 шілде 2002 жылғы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» №339-ІІ Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының және 310 бабының негізінде аудандық Мәслихат шешім етті:

1 1. Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасы бекітілсін.

2 2. Аудан көлеміндегі «Ветеринария туралы» заң талаптарын бұзғандығы үшін құқық бұзушыларға жол бермеу мақсатында әкімшілік жауаптылыққа тарту қағидасының орындалуы мен оған бақылау жүйесін күшейту аудандық аймақтық ауыл-шаруашылық басқармасына, село, кент әкімияттарына ұсынылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау халықты әлеуметтік қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

4 Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы» заң талаптарын сақтау қағидасы

Аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс XXY-сессиясының
2003 жылғы 17 ақпандағы
№ 25/218 шешімімен бекітілген
Жаңаарқа ауданында «Ветеринария туралы»
заң талаптарын сақтау қағидасы

1 1. Ветеринария саласының негізгі міндеттері

1 1. Жануарларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау және емдеу.

2 2. Жануарларға және адамға ортақ аурулардың алдын алу, оларды жою және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.

3 3. Жануарлар өнімдері мен шикізатының сапасына ветеринарлық-санитарлық бақылау жасауды қамтамасыз ету.

4 4. Республика аумағына басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының әкелуінен қорғау.

5 5. Ветеринарлық препараттардың сапасын бақылау.

6 6. Жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және оларды пайдалану, мал өнімдері мен шикізаттың санитарлық сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

7 7. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оған жол бермеу.

2 2. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу жөніндегі міндеттері

8 8. Жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін шаруашылық және ветеринарлық шараларды жүзеге асыруға.

9 9. Жем-шөп сақтау мен ұқсатуға арналған аумақты, жануарлар қоралары мен құрылыстарын тиісті санитарлық жағдайда күтіп ұстауға, қоршаған ортаның мал шаруашылығы қалдықтарымен ластануына жол бермеуге.

10 10. Жануарлар күтіміне, жануарлар өнімдерін ұқсатуға және сақтауға арналған объектілер мен құрылыстарды салу, оларды пайдалануға беру кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтауға.

11 11. Ветеринарлық инспекторлардың талабы бойынша жануарларды ветеринарлық стансаларына апарып қаратуға, диагностикалық зерттеулер мен аурудың алдын алу үшін сақтандыру мақсатында еккізуге.

12 12. Жануарлардың өқыс өлім-жітімі, бірнеше жануарлардың бір мезгілде ауыруы немесе олардың әдеттен тыс мінез көрсетуі туралы ветеринария қызметінің мамандарына дереу хабарлауға, ауру деп күдіктенген жануарды ветеринария мамандары келгенше оқшау ұстау шараларын қолдануға.

13 13. Жануарларды айдау мен автокөлікпен тасымалдаудың белгіленген ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтауға.

14 14. Өлген жануарды залалсыздандыру жөніндегі ветеринарлық мамандардың алаптарын орындауға.

15 15. Ветеринарлық мамандардың жануардың жұқпалы аурудан таза екендігі туралы рұқсатынсыз жануарды союға немесе сатуға жол бермеуге.

16 16. Ветеринарлық мамандардың ветеринария ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес шаралары мен басқа да ветеринариялық мәселелері туралы нұсқауларын орындауға.

3 3. Ветеринария туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік тәртібі

17 17. Аудан көлемінде лауазымды адамдар мен азаматтар төмендегі ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді; ветеринарлық-санитарлық алдын алу шараларын орындаудан бас тартқаны, олардың мерзімін бұзғаны.

18 18. Карантин режимі талаптарының шарттарын сақтамаған.

19 19. Жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөніндегі шараларды немесе оны толық өткізбегені.

20 20. Жануарлардың жұқпалы ауруларын таратқаны.

21 21. Ауыл шаруашылығы жануарларын өз төлінен өсірген кезде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамағаны.

22 22. Республика, облыс аумағынан сырттан келетін жұқпалы аурулардан қорғау туралы заңдар мен өзге де нормативтік актілердің талаптарын орындамағаны.

23 23. Жануарларды, жануар өнімдері мен шикізатын тасымалдау кезінде ветеринарлық қағиданы бұзушылық.

24

24. Ауылшаруашылық жануарларды, оның өнімдері мен шикізатын базарларда сататын орындардың, қоймалардың карантин базаларының, тиеу-түсіру алаңдарының, көлік құралдарының, контейнердің және жануар шаруашылығы жүктерін тиеу мен түсіруге арналған басқа да құрлыстардың жай-күйіне қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтамағаны.

25 25. Аудандық Мәслихаттың аудан көлемінде «Ветеринария туралы» Заң талаптарын сақтау қағидасын бұзған азаматтарға-айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Действующая