Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ҚАЗҚылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Наименование (каз.)
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 5
- Дата принятия
- 30.03.2003
- Показанная редакция
- 30.03.2003 · действующая 15461_287303.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.03.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002084
- Идентификатор ЭКБ
- 15461
- Идентификатор редакции
- 15461_287303
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 22:20
0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 06.08.2004 № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың аталған міндеттерді орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Аудан әкімінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын және оның жеке құрамы бекітілсін (N 1 қосымша). Кеңестің жұмыс органы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі болып белгіленсін.
2 2. Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ережесі N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудан әкімінің 2002 жылғы 20 тамыздағы N 19 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы", әділет басқармасында 2002 жылы 29 тамызда N 1734 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4
4. Аудан әкімінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 24 "Аудан әкімінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2002 жылғы 20 тамыздағы N 19, Әділет басқармасында 2002 жылы 29 тамызында тіркелген, тіркеу N 1734 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" әділет басқармасында 2002 жылы N 26 қарашада N 1849 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Аудан әкімінің 2003 жылғы 5 наурыздағы N 04 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қ. Кабуловқа тапсырылсын.
7 Аудан әкімі жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы үйлестіру кеңесінің құрамы
Аудан әкімінің
2003 жылғы N 5 шешіміне
N 1 қосымша
Аудан әкімі жанынан құрылған қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы үйлестіру кеңесінің құрамы
1 1. Садықов Бекмырза Сұлтанұлы - аудан әкімі, үйлестіру
кеңесінің төрағасы
2 2. Беркалиев Мақсот Құбайұлы - аудан әкімінің орынбасары,
үйлестіру кеңесі төрағасының
орынбасары
3 Кеңес мүшелері:
3. Қабұлов Абай Қалауұлы - аудан әкімі аппаратының
басшысы, үйлестіру кеңесінің хатшысы
Кеңес мүшелері:
4 4. Мұқатов Марат Бақытұлы - аудан әкімінің орынбасары
5 5. Көжекенов Нұрболат Салимгерейұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
6 6. Көшенов Амангелді Измағамбетұлы - аудан прокуроры (келісім
бойынша)
7 7. Ісләмбеков Альбек Саматұлы - аудандық салық комитетінің төрағасы
8 8. Таңбаев Самат Таңбайұлы - аудандық мәслихат хатшысы
9 9. Сисенов Нұрлан Амангелдіұлы - Шыңғырлау ауданы ұлттық қауіпсіздік комитетінің
бөлім бастығы
17 Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімінің
2003 жылғы N 5 шешіміне
N 2 қосымша
Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) аудан әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2 2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен үкіметінің актілеріне аудан әкімінің шешімдері мен әкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
3 3. Кеңес құрамын аудан әкімі анықтайды және бекітеді.
2 2. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:
1 1) аудандық атқарушы құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;
2 2) аудандағы қалыпты құқықтық жағдайы талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;
3 3) ішкі істер қызметтері, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, салық және кеден қызметтері, салық полициясы органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыту түседі;
4 4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу;
5 5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қаладағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарына нұсқамалар әзірлеу.
3 3. Кеңестің қызметі
Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1 1) кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;
2 2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;
3 3) кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.
4 4. Кеңестің өкілеттігі
Кеңес негізгі мақсаттарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады: