Перейти к тексту документа

Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы

Постановление · № 79 · принят 06.04.2003
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 20.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-15589/on/2026-08-20/
Напечатано 2026-08-20 · adilet.kz
Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы Утратил силу Постановление ·№ 79 ·06.04.2003
Редакция от 25.02.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 20.08.2026: от 25.02.2009. Это последняя редакция в корпусе.

Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы

Утратил силу Постановление ·№ 79 · по состоянию на 20.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы
Наименование (каз.)
Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
79
Дата принятия
06.04.2003
Показанная редакция
25.02.2009 · действующая AI15589_1.kaz
Последнее изменение
25.02.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V03LF003266
Идентификатор ЭКБ
15589
Идентификатор редакции
AI15589_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 22:19

0 Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 25.02.2009 № 745 қаулысымен.
Аудан көлемінде жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан Шәменов, Бұқарбай батыр, Еңбек, Аққұм, Аламесек, Мәдениет ауылдық округ әкімдеріне, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау бөлімдеріне, N 201, N 202 орта мектептерде ұйымдастыру өз дәрежесінде емес.
Оқу жылының аяғында барлық кент, ауылдық округі әкімдері мен мекеме басшылары өздеріндегі оқудың жайы жөнінде облыстық Әділет басқармасына ақпарат жібермеген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Кент, ауылдық округ әкімдері аудандық мемлекеттік мекемелердің жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға атқарған жұмыстары жеткіліксіз деп танылсын.

2 2. Кент, ауылдық округ әкімдері аумақтарындағы мекемелерде жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға басшылық пен бақылау жасау тапсырылсын.

3

3. Кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары аудан әкімиятының 2001 жылғы 27 қарашадағы N 104 "Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы" қаулысының 3 тармағына сәйкес өз салалары бойынша қызметкерлердің құқықтық оқуының жайы жөнінде жыл сайын 5 шілдеге облыстық Әділет басқармасына ақпарат беріп тұрсын.

4 4. Аудандық әдістемелік Кеңес кент, ауылдық округ әкімдеріндегі мен мекемелердегі құқықтық оқудың жайына талдау жасап,

практикалық жәрдем көрсетіп, өз отырыстарында тиісті мекеме басшыларының есептерін тыңдауды ұйымдастырып жүргізсін. Оқу жылының соңында таңдаушылармен әңгімелесулер өткізіліп, олардың алған білімдеріне бақылау жасасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жекеновке жүктелсін.

Действующая