Перейти к тексту документа

Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Положение · № С-35-7 · принят 30.03.2003
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-15628/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Действует Положение ·№ С-35-7 ·30.03.2003
Редакция от 08.01.2004
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 08.01.2004. Это последняя редакция в корпусе.

Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Действует Положение ·№ С-35-7 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
С-35-7
Дата принятия
30.03.2003
Показанная редакция
08.01.2004 · действующая 15628_160125.kaz
Последнее изменение
08.01.2004
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V03BC001733
Идентификатор ЭКБ
15628
Идентификатор редакции
15628_160125
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 22:20

0 Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 12-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (тіркеледі).

2 2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Өзгеріссіз келісімді
Аудан әкімі Р.Керейбаев
Аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі О.Лисина
Аудандық еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы А.Мананбаева

3 Ақкөл аудандық мәслихат

сессиясының 2003 жылғы
31 наурыздағы № С-35-7
шешімімен бекітілген
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленген және мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін тағайындайды.

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Барлық санаттағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы (әрі қарай - әлеуметтік көмек) аудандық бюджет есебінен көрсетіледі.

📌 Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Ақкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 08 қаңтардағы № С-4-6 шешімімен.

2 2. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады.

3 3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерді сауықтыру үшін көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

4 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құқығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді:

1 1) Жеке куәлігі (көшірме);

2 2) Санаторлық-курорттық карта (көшірме);

3 3) Амбулаторлық картаның көшірмесі;

4 4) МКТО-дан алушы статусын куәландыратын құжат.

5 5. Ұсынылған құжаттардың негізінде комиссия әлеуметтік көмекті көрсету немесе аудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.

6 6. Санаторлық мекемеге ақша қаражатын аударғаннан кейін жолдамадан бас тартса, онда арыз иесі бюджетке жолдаманың құнын толық орнына келтіруге міндетті.

3 3. Әлеуметтік көмектің мөлшері

7 7. Әлеуметтік көмектің мөлшері санаторлық-курорттық жолдаманың құнымен тең бағалы.

4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу

8 8. Әлеуметтік көмек санаторлық мекемеге есепшотына аудару жолымен, тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар Банктер арқылы көрсетіледі.

Действующая