Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
ҚАЗТалас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 33
- Дата принятия
- 04.05.2003
- Показанная редакция
- 26.02.2019 · действующая 15723_392420.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.02.2019
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03GJ000981
- Идентификатор ЭКБ
- 15723
- Идентификатор редакции
- 15723_392420
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:24
0 Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау, халықтың және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен хабардарлығын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын және оның ережесі бекітілсін.
2 2. Аудан Әкімі аппараты жанынан мемлекеттік қызметкерлерге арналған құқықтық білім мектебі ашылсын.
3 3. Аудан Әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі бірлесе отырып тыңдау контигентін белгілеп, сабақтарды оқыту-тақырыптың жоспарын әзірлеп Жамбыл облыстық Әділет басқармасы бастығына келісілуіне ұсынылсын.
4 4. Ауылдар мен Қаратау қаласының әкімдері осы қаулыда белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6 Аудан Әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес туралы Ереже
2003 жылғы 05 мамырдағы № 33
Талас аудандық Әкімиятының "Талас ауданы
Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық
оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы"
қаулысымен бекітілген
Аудан Әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу
жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес туралы
Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Аудан әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі /бұдан әрі мәтін бойынша Кеңес/ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық насихат жөніндегі жұмыстарын үйлестіруші консультативтік-кеңесші орган болып табылады.