Перейти к тексту документа

Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Постановление · № 106 · принят 28.11.2002
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 24.04.2007
https://adilet.kz/ru/laws/doc-15788/?version=15788_193787.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 106 ·28.11.2002
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

ҚАЗОблыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 106 · принят 28.11.2002

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Наименование (каз.)
Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
106
Дата принятия
28.11.2002
Показанная редакция
24.04.2007 · действующая 15788_193787.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
24.04.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V02G000983_
Идентификатор ЭКБ
15788
Идентификатор редакции
15788_193787
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 22:42

0 Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 хатымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 2347 қаулысын орындау, халықтың және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен хабардарлығын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын негізге ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (қоса беріледі).

📌 Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 5 қаулысымен .

2 2. Облыс Әкімі аппараты жанынан мемлекеттік қызметкерлерге арналған құқықтық білім мектебі ашылсын.

3 3. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (Б.О. Керімбеков) облыстық әділет басқармасымен (Е.Е. Ыбраев) бірлесе отырып, тыңдаушылар контингентін белгілеп, сабақтардың оқыту-тақырыптық жоспарын әзірлесін.

4 4. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері осы қаулыда белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелсін.

6 Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ҚҰРАМЫ

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 28 қарашадағы
"Облыста жалпыға бірдей
құқықтық оқу жөніндегі
шаралар өткізу туралы" N 106
қаулысымен бекітілген
Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей
құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің
ҚҰРАМЫ
📌 Ескерту. Кеңес құрамының күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 5 қаулысымен.

7 Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 28 қарашадағы
"Облыста жалпыға бірдей
құқықтық оқу жөніндегі
шаралар өткізу туралы" N 106
қаулысымен бекітілген
Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға
бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі
туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі облыстық үйлестіру-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі мәтін бойынша Кеңес) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық насихат жөніндегі жұмыстарын үйлестіруші орган болып табылады.
Кеңес облыс Әкімі жанында құрылады.
Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес реттеледі.

2 2. Кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері

Кеңес қызметінің мақсаттары:
облыс Әкімі аппараты қызметкерлерінің, облыстық ұйымдар басшыларының және азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарылату;
тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру;
еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы міндеттемелерді орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.

3 3. Кеңестің міндеттері

кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі құқықтық тәрбие жұмысы және құқықтық насихаттың жағдайын зерделеу және олардың нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеу;
оң тәжірибелерді тарату, құқықтық тәрбие жұмысының әдістемелік құралдарын дайындау, кәсіби-құқықтық дайындық және құқықтық тәрбиенің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

4 4. Кеңес қызметінің нысаны

Құқықтық білім "күндерін", "он күндігін", "айлығын", құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында, оқу және еңбек ұжымдарында құқықтық тақырыпқа баяндама жасау.
Құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;
Жалпыға бірдей құқықтық оқу мен құқықтық тәрбие жұмысының ең үздік қойылымы мен ұйымдастырылуына конкурс әзірлеу және өткізу;
Құқықтық тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар дайындау және шығару;
Жастар арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және осы жұмысты үйлестіру.

5 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

Кеңес құрамы облыс әкімиятының қаулысымен үш жылға бекітіледі. Кеңес төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және мүшелерінен тұрады.
Кеңестің сандық құрамы облыс Әкімімен белгіленеді.
Кеңес отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір реттен өткізіледі. Кеңес отырысына оның құрамының 3-тен 2-сі қатысса құқылы деп саналады.
Мәжіліс қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылардың саны, күн тәртібі, мәжіліс барысы мен қабылданған шешімдер көрсетілді.
Кеңес осы ережемен белгіленген шектерде, өз жұмысына құқық қорғау, ұйымдар, мекемелердің қызметкерлерін тартуға және оларға шешімдердің, жоспарлы іс шаралардың атқарылуы жөнінде тапсырмалар беруге құқылы.