Перейти к тексту документа

Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы

Постановление · № 8-35 · принят 07.07.2003
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 12.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-16501/?version=AI16501_1.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы Утратил силу Постановление ·№ 8-35 ·07.07.2003
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы

ҚАЗАудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы

Утратил силу Постановление ·№ 8-35 · принят 07.07.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы
Наименование (каз.)
Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
8-35
Дата принятия
07.07.2003
Показанная редакция
12.01.2011 · действующая AI16501_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03DN001260
Идентификатор ЭКБ
16501
Идентификатор редакции
AI16501_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 21:09

0 Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының17-тармақшасына сәйкес Көксу ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы құрылсын және оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын. (1 қосымша)

2 2. Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясының Ережесі бекітілсін. (2 қосымша)

3 Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясының дербес құрамы:

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 08 шілде
N 8-35 қаулысына
1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясының дербес құрамы:

1 1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы.

2 Комиссия мүшелері:

2. Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы - мәдениет жөніндегі бас маман, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
1. Иб­ра­и­мо­ва Гүл­жа
Оңал­бай­қы­зы
Н. Ал­даб­ер­ге­нов атын­да­ғы ор­та мек­те­бі­нің ди­рек­то­ры
2. Нү­сі­по­ва Ба­қыт­гүл
Те­мір­хан­қы­зы
аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның іш­кі са­я­сат және әле­умет­тік са­ла бө­лі­мі­нің бас ма­ма­ны
3. Ал­шын­бе­ко­ва Ға­лия
Бө­кей­қы­зы
Бал­пық би кен­ті­нің дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
4. Мұ­са­қа­но­ва Қар­лы­ғаш
Құр­ман­қы­зы
эко­но­ми­ка бө­лі­мі­нің ба­стығы
5. Аб­д­рах­ма­но­ва Мә­рия
Сә­бит­қы­зы
үкі­мет­тік емес "Ша­ғын несие" қо­ғам­дық қо­ры­ның өкі­лі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
6. Бал­ба­е­ва Мар­жан
Ер­тай­қы­зы
аудан­дық ең­бек, жұ­мыспен қам­ту және тұр­ғын­дар­ды әле­умет­тік қор­ғау бө­лі­мі­нің ба­стығы
7. Шоқ­пар­ба­е­ва Қа­зи­ля
Жа­ңа­бай­қы­зы
аудан­дық аза­мат­тық аху­ал ак­ті­ле­рін жа­зу бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
8. Нү­сі­по­ва Ба­қыт­гүл
Қо­жах­мет­қы­зы
аудан­дық оқу бө­лі­мі­нің қыз­мет­кер­ле­рі кә­сі­по­дақ ко­ми­те­ті­нің тө­рай­ы­мы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
9. Қа­лиа­сқа­ро­ва Гүл­ми­ра
Мол­да­ха­нов­на
Аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі­нің әй­ел­дер­ге қар­сы қыл­мыстар­мен кү­ре­су бө­лім­ше­сі­нің ин­спек­то­ры, по­ли­ция ка­пи­та­ны (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аппараттың басшысы
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 08 шілде
N 8-35 қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Комиссия туралы Е Р Е Ж Е
1.Жалпы ережелер

1 1) Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Комиссия (кейін мәтінде Комиссия) консультативтік - кеңесші орган болып табылады.

2

2) Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің актілерін, ҚР-ң басқа нормативтік құқықтық актілерін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық Комиссиясының ұсынымдары мен ұсыныстарын және осы ережені басшылыққа алады.

2 2. Комиссияның негізгі міндеттері

1 1) ҚР Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның басшылықтарына сәйкес және жергілікті жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі аудандық кешенді бағдарламаны құрастыру және аудан әкіміне ұсыну;

2 2) отбасы, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заң тұрғысынан және психологиялық қолдау шараларын жасауға және жүзеге асыруға қатысу;

3 3) ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі отбасы, әйелдер мен балалардың нақты мәселелері жөнінде ақпараттық мәліметтер банкін құру;

4 4) әйелдерді қатыстыра отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, оларды жүзеге асыруға қатысу;

5 5) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен шешім жобаларын қарауға қатысу;

6 6) көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға, мектептің жалпыға бірдей білім беруін қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалардың мәселелеріне байланысты басқа әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектесу;

7 7) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау және оларды аудан әкімияты мен аудандық мәслихатқа ұсыну;

8 8) Аудандық отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының аспектісін толығырақ және объективті түрде көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іскер байланысты болу;

9 9) барлық мүдделі ұйымдармен, өз құзыреті шегінде өзара ынтымақтастықта болу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар істері мәселелері жөнінде аудандық конференциялар, семинарлар, мәжілістер өткізуді ұйымдастыру;

3 3. Алдында тұрған міндеттерін жүзеге асыру үшін комиссия төмендегі құқықтарға ие

1 1) өз мәжілістеріне мемлекеттік органдардың аудан әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін басшылары мен лауазымды адамдарын шақырып олардың есептерін тыңдау;

2 2) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, материалдарды және ақпараттарды белгіленген тәртіп бойынша сұрату;

3 3) штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді және кәсіпқой дайындалған жұртшылық өкілдерін комиссия мәжілістерін дайындауға, тексерулерге және облыстық бағдарламалар әзірлеуге қатысу үшін белгіленген тәртіпте тарту;

4 4.Комиссия жұмысын ұйымдастыру

4) отбасы, әйелдер және балалар жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге статистикалық талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдар жіберу;
4.Комиссия жұмысын ұйымдастыру

1 1) Комиссия өз қызметін осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

2 2) Комиссияның сандық және дербес құрамын комиссия төрағасының ұсынысы бойынша, әкімият белгілейді. Төрағаның орынбасарлары және жауапты хатшысы бар.

3 3) Комиссия мәжілісі қажеттілігіне қарай, жарты жылда кем дегенде бір рет өткізіледі.

4

4) Комиссия шешімді мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелері санының көпшілік жай даусымен қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің жалпы санының кем дегенде 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда мәжіліс шешімдері хаттамамен рәсімделеді.

5 5. Комиссия төрағасы:

1 1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2 2) Комиссия мәжілістерін шақырады және оларда төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда оның тапсыруымен мәжіліске оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді.

3 3) Комиссия мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша Комиссия мүшелерінің қатарынан баяндамашыны анықтайды;

4 4) Аудан әкімияты алдында Отбасы және әйелдер комиссияның төрағасы Комиссия жұмысының қорытындысы туралы жылдық есеп береді.

5 5) Комиссия қызметін қамтамасыз ету.

Комиссия қызметіне ақпараттық-талдау жасау мен ұйымдастыру аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.
Аудан әкімінің орынбасары