Перейти к тексту документа

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Иной акт · № 30/392 · принят 14.07.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 14.07.2003
https://adilet.kz/ru/laws/doc-16734/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы Действует Иной акт ·№ 30/392 ·14.07.2003

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Действует Иной акт ·№ 30/392 · принят 14.07.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
30/392
Дата принятия
14.07.2003
Показанная редакция
14.07.2003 · действующая 16734_152660.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.07.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03KB001276
Идентификатор ЭКБ
16734
Идентификатор редакции
16734_152660
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 21:08

0 Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы", Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру шаралары туралы" Заңның 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін. (Қосымша бірге тіркеледі).

2 2. Қала әкімі (Ж.И. Ибаділдин), қалалық қаржы бөлімі (Мұхамбедин А.А.), қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне (Мырзаханов Б.М.) аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек тағайындалып, төлеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Мырзаханов Б.М.) шешім әділет органынан тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

4 4. Шешімнің орындалу барысын бақылау әлеуметтік мәдениет жүйесі, адам құқығы мен тәртіп сақтау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

5 "Аз қамтамасыз етілген

азаматтардың жеке басының
куәлігін құжаттауды қалпына
келтіруде материалдық көмек
көрсету Қағидасын бекіту
туралы" Қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 15 шілдедегі N 30/392
шешіміне N 1 қосымша бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін
құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету
Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер.

1

1. Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 692-XІІ 44-бабын, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының халықты тіркеу және құжаттау қағидасына сәйкес әзірленген.

2 2. Қазақстан Республикасының тұрақты мекені бар табысы кедейшілік деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауға және қалпына келтіруге материалдық көмек алуына, соның ішінде 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қолдануға құқылы.

3 3. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауға және қалпына келтіруге материалдық көмек көрсету үшін қаражат бөлу қалалық бюджеттен қарастырылады және қалалық маслихат сессиясында бекітіледі.

2 2. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруде материалдық көмек төлеу тәртібі.

4 4. Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесіне сәйкес, жеке куәліктер, үшін:

1 1. Қазақ ССР азаматының ескі-үлгідегі паспорты.

2 2. Мерзімі өткен жеке басының куәлігі.

5 5. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруге материалдық көмек алу үшін, өтініші еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне тапсырылды.

6 6. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі аз қамтамасыз етілген азаматтардың өтініштерін тіркеп және оны қалалық қаржы бөліміне жеке категориялы азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіруге әлеуметтік төлеу қажеттігін растап тізім жібереді.

7 7. Қалалық қаржы бөлімі әлеуметтік төлеу қаражатын еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне қажеттігіне сәйкес аударады. Түскен қаражат азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттау және қалпына келтіру үшін миграция полициясы есеп шотына жібереді.

8 8. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мен миграциялық полициясы аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін дайындау (қайта жазу) ең қысқа мерзімде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

3 3. Материалдық көмекті пайдалану жауапкершілік пен бақылау.

9 9. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық көмек алуы, жауапкершілігі және бақылауы еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.