Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
ҚАЗАз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 30/392
- Дата принятия
- 14.07.2003
- Показанная редакция
- 14.07.2003 · действующая 16734_152660.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 14.07.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03KB001276
- Идентификатор ЭКБ
- 16734
- Идентификатор редакции
- 16734_152660
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:08
0 Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы", Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру шаралары туралы" Заңның 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін. (Қосымша бірге тіркеледі).
2 2. Қала әкімі (Ж.И. Ибаділдин), қалалық қаржы бөлімі (Мұхамбедин А.А.), қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне (Мырзаханов Б.М.) аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек тағайындалып, төлеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Мырзаханов Б.М.) шешім әділет органынан тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4 4. Шешімнің орындалу барысын бақылау әлеуметтік мәдениет жүйесі, адам құқығы мен тәртіп сақтау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
5 "Аз қамтамасыз етілген
азаматтардың жеке басының
куәлігін құжаттауды қалпына
келтіруде материалдық көмек
көрсету Қағидасын бекіту
туралы" Қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 15 шілдедегі N 30/392
шешіміне N 1 қосымша бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жеке басының куәлігін
құжаттауды қалпына келтіруде материалдық көмек көрсету
Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер.
1
1. Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 692-XІІ 44-бабын, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының халықты тіркеу және құжаттау қағидасына сәйкес әзірленген.