Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы
ҚАЗМахамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы
- Наименование (каз.)
- Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 188
- Дата принятия
- 13.08.2003
- Показанная редакция
- 26.12.2006 · действующая 16956_209956.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.12.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03TC001626
- Идентификатор ЭКБ
- 16956
- Идентификатор редакции
- 16956_209956
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:03
0 Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 26.12.2006 № 14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 ҚР Заңының 33 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту мақсатында шешім етемін:
1 1. Полиция учаскелік инспекторлардың тіркеу пункттерінде кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, еңбек ұжымдары өкілдерінің санынан қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылар құрылсын.
2 2. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың Махамбет ауданы әкімінің жанынан аудандық штаб құрылсын (1 қосымша).
3 3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың қызмет ережелері бекітілсін.
4 4. Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ерікті жасақшылардың аудандық штабына практикалық, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Арстановқа тапсырамын.
Аудан әкімі:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
Аудан әкімінің
14 тамыз 2003 жылғы
N 188 шешіміне 1 қосымша
Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың аудандық
штабының құрамы:
1 1. Арстанов Серік Қайрболатұлы - аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы;
2 2. Аққайсиев Арман Үмбетұлы - ішкі істер бөлімінің бастығы, штаб төрағасының орынбасары
Мүшелері:
1 1. Қабдешев Асхат Масабайұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
2 2. Төлегенов Ұзақбай Төлегенұлы - білім бөлімінің меңгерушісі;
3 3. Жаңбырова Ақжұма Аққалиқызы - денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;
4 4. Андашев Ержан Сағынұлы - жастар, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;
5 Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудағы ерікті жасақшылар қызметінің Ережесі 1. Жалпы жағдайлар
5. Сембаева Гүлмира Ермекқалиқызы - әкім аппаратының бас маман-заңгері.
Аудан әкімінің
14 тамыз 2003 жылғы
N 188 шешіміне 2 қосымша
Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудағы
ерікті жасақшылар қызметінің Ережесі
1. Жалпы жағдайлар
1
1. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің еңбек ұжымдары, оқу орындарының әкімшіліктері және азаматтардың тұрғылықты жері бойынша пәтер иелері кооперативтермен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмек көрсету мақсатында жасақталады.
2 2. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің, еңбек ұжымдары, оқу орнының әкімшіліктері және пәтер иелері кооперативтерінің ұсынысы мен азаматтардың жеке арызы бойынша 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы есебінен
құрылады.
3 3. Азаматтар жасақшылыққа мүшелікке қабылдау туралы арызды аудандық штаб жетекшісінің атына беріледі. Жасақшылыққа кандидаттар мен мүшелер құқықтық және ақпарат Орталығынан арнайы тексеруден өтеді.
4 4. Егер кандидат сотталмаған болса, жеке басының іскерлік және моральдық қасиеттерімен жасақшы талабына сай келетін болса, онда аудандық штаб жетекшісінің бұйрығымен ерікті жасақшылар құрамына мүше болып қабылданады.
5 5. Аудандық штаб жетекшісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің оқу орындарымен пәтер иелері кооперативтерінің ерікті жасақшылАры бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық жасайды.
6 6. Ерікті жасақшылардың аудандық штабы ерікті жасақшылар бөлімшелерінің ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты реттеп отырады.
7 7. Меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғалар, азаматтар ерікті жасақшылар бөлімшелеріне, жасақшыларға қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге құқылы.
8 8. Ерікті жасақшылар қоғамдық тәртіпті қорғауда, өз міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талаптарына бағынбаған немесе орындаудан бас тартқан кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2 2. Негізгі міндеттері мен функциялары
1
1. Ерікті жасақшылардың негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарына мынадай жолдармен көмек көрсетеді. Көшелерде алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды өткізу кезінде ішкі істер қызметкерлерімен бірге кезекшілікті атқару.
2 2. Ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге маскүнемдіктің, нашақорлықтың, токсикоманияның, балалардың бақылаусыздығының және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына қатысу.
3 3. Жасақшылар құрылымы және олардың принципі
1 1. Ерікті жасақшылар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтерінің аудандық штабынан тұрады.
2 2. Ерікті жасақшылардың аудандық штабынан тұрады.
3 3. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтері ерікті жасақшылары бөлімшелеріне аудандық штаб жетекшісі тағайындайтын командир басшылық жасайды.
4
4. Ерікті жасақшылардың аудандық штабының жетекшісі қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын-алуда ерікті жасақшылар қызметінің жұмысын ішкі істер органдарымен үйлестіру мен өзара іс қимыл жасауды қамтамасыз етеді, ерікті жасақшылар бөлімшелерінің қызметіне талдау жасайды, сондай-ақ, олардың жұмыстарының тиімділігін арттырудың шарасын алады, аудан әкіміне және облыстық ішкі істер басқармасының бастығына ұсыныстар береді, ынталандыру және ескертулер жасау шараларын алады.