Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
ҚАЗҮкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 123
- Дата принятия
- 13.11.2003
- Показанная редакция
- 13.11.2003 · действующая 17605_287009.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 13.11.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002357
- Идентификатор ЭКБ
- 17605
- Идентификатор редакции
- 17605_287009
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:49
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы № 148-2 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 наурыз 2003 жылғы "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 253 қаулысын және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.08.2003 жылғы "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық консультативтік Кеңес құру туралы" облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 28 тамызда № 2269 ретпен тіркелген № 171 қаулысын жүзеге асыру және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық Кеңес мәжілісінің 18.09.2003 жылғы № 1 хаттамасының 4-бөлімін орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын (№ 1 қосымша).
2 2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрамы аудандық Мәслихатқа бекітілуге ұсынылсын.
3 3. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің Ережесі бекітілсін (№ 2 қосымша).
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
5 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің құрамы
Ақжайық аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 қарашадағы
№ 123 қаулысына №1 қосымша
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің
құрамы
1. Өтемісов Шавхат Әнесұлы
- аудан әкімі, Кеңес төрағасы
2. Жұматова Меңзипа Дүйсенбайқызы
- аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
3. Дәулетова Кәрима Жұбанышқалиқызы
- аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, хатшы
Кеңес мүшелері:
4. Ғабдушев Тілек Александрұлы
- аудандық жастар ұйымының төрағасы (келісімі бойынша)
5. Есқалиев Болат Қосжанұлы
- аудандық "Жайық таңы" газетінің редакторы (келісімі бойынша)
6. Жанғалиева Әмина Базарбайқызы
- Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы аудандық бөлімшесінің төрайымы (келісімі бойынша)
7. Қоспаев Қасен Жақауұлы
- аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы (келісімі бойынша)
8. Нұрмұханбетов Зинолла
- Чапаев ауылдық округінің әкімі
9. Сәрсенов Мұрат Бисекешұлы
- аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісімі бойынша)
6 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
№2 қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 қарашадағы
№ 123 қаулысымен бекітілді
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ереже
1 1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (әрі қарай - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестің төрағасы - аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ауданның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 және 33 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.