Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы.
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы.
- Наименование (каз.)
- Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы.
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 7
- Дата принятия
- 24.11.2003
- Показанная редакция
- 29.06.2006 · действующая 17838_146917.kaz
- Последнее изменение
- 29.06.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03CM002480
- Идентификатор ЭКБ
- 17838
- Идентификатор редакции
- 17838_146917
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:47
0 Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға және кәмелетке жасы толмаған балалардың арасында қоғамдық тәртіпті бұзушылықты болдырмау мақсатында шешім етемін:
1
1. Аудандық білім бөлімі /Қ.Табаналы/ Шалқар қаласындағы орта мектептерде және кәсіптік техникалық мектепте /М.Үмбеталин/ оқушы жастар мен ата-аналар /қамқоршылар/ арасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 9-шы , "Жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершіліктері" бөлімінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 6-шы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы" бөлімінде қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірме әңгімелер өткізілсін.
2 2. Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс істеу Ережесі бекітілсін.
3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі /Е. Шотанов/ осы Ережеде қаралған шектеулер бойынша демалыс орындарының жұмысына қажетті бақылауды қамтамасыз етсін.
4 4. Аудандық МКҚК "Шалқар орталық ауруханасы" /Ж. Көптілеуов/ жастар арасында нашақорлық, алкоголизм, шылым шегушілік, ЖҚТБ-нің алдын алуға байланысты мақсатты жұмыстарды ұйымдастырсын.
5 5. Аудандық туризм және спорт комитеті /Б. Көптілеу/ аула клубтарының жұмысын ұйымдастырсын.
6 6. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету орталығы /Қ. Дүйсенбин/ жастарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жасасын, жұмыссыз жастарды қайта мамандандыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандық алуға көмектессін.
7 7. Аудандық санэпидбақылау басқармасы /Г. Амантаева/ және теміржол санитарлық бекеті /Е.Сартаев/ аудандағы демалыс орындарындағы лабораториялық санитарлық-гигиеналық бақылауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізуді күшейтсін.
8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Жұмабаеваға және аудандық мәслихаттың мәдениет, білім беру, жастар ісі, тіл, денсаулық сақтау және ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М. Малайдароваға жүктелсін.
9 Аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 24 қарашадағы
N 7 шешімімен бекітілді
Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс
ЕРЕЖЕСI