Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 182
- Дата принятия
- 27.11.2003
- Показанная редакция
- 27.11.2003 · действующая 17858_287017.kaz
- Последнее изменение
- 27.11.2003
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002378
- Идентификатор ЭКБ
- 17858
- Идентификатор редакции
- 17858_287017
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:47
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылдың 17 наурыздағы № 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2 2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
4 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 27 қарашадағы
№ 182 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестің төрағасы - аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ішкі саясат және әлеуметтік сала сұрақтары жөніндегі аудан әкімінің орынбасары, аудандық мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.