Перейти к тексту документа

Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы

Постановление · № 639 · принят 12.11.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 12.11.2003
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18239/?version=18239_301475.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы Действует Постановление ·№ 639 ·12.11.2003

Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы

ҚАЗГазды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы

Действует Постановление ·№ 639 · принят 12.11.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы
Наименование (каз.)
Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
639
Дата принятия
12.11.2003
Показанная редакция
12.11.2003 · действующая 18239_301475.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.11.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03L0003562
Идентификатор ЭКБ
18239
Идентификатор редакции
18239_301475
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:49

0 Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы

Сұйытылған газды тұрмыс пен өндірісте қауіпсіз пайдалану Ережелерін кеңінен насихаттау, газдандырылған объектілердің техникалық пайдалануын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үстіміздегі жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсан аралығында облыста «Газ және біздерге арналған ережелер» атты қауіпсіздік айлығы өткізілсін.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев келісім бойынша) айлық өткізу кезеңінде облыс тұрғындары арасында газды қауіпсіз пайдалану әдістерін белсенді насихаттасын, газдандырылған объектілердің қауіпсіз және апатсыз пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.

3

3. Облыс аумағында газды тарататын және біліктілік талаптарға сәйкес мемлекеттік лицензиялары бар шаруашылық субъектілерінің басшыларына бағынысындағы жұмыскерлердің техникалық нормалар, техника қауіпсіздігі Ережесі мен технологиялық нұсқаудың талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты күшейту, газдандырылған объектілерге профилактикалық қызмет жасаудың сапасына бақылау, газды қауіпсіз пайдалану тәртібі жөнінде нұсқаулық беру мен тұрғындардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Меншік түріне қарамастан ұйымдар мен мекемелердің басшыларына айлық өткізу кезеңінде газдандырылған объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.

5 5. Облыстық «Сыр бойы» (Ж.Рахматуллаев ), «Кызылординские вести» (И.В.Корнилов) газеттерінің редакцияларына облыстық телерадиокомпания (О.Әлжік келісім бойынша) газды пайдалану қауіпсіз айлығы туралы кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін.

6 6. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов) мектептер және оқу орындарының оқушылары арасында облыс аумағында газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері өкілдерінің қатысуымен газ пайдалану Ережелерін кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.

7

7. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев келісім бойынша), газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері басшылары осы қаулыны орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына 2003 жылғы 25 желтоқсанға дейін берсін.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ретаевқа жүктелсін.