Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
ҚАЗҮкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 21-5
- Дата принятия
- 29.12.2003
- Показанная редакция
- 29.12.2003 · действующая 18313_339546.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 29.12.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002414
- Идентификатор ЭКБ
- 18313
- Идентификатор редакции
- 18313_339546
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:38
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес және 2003 жылғы 18 қыркүйектегi Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi Батыс Қазақстан облыстық Кеңесi отырысының N 1 хаттамалық тапсырмасының 4 пунктiн iске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес төмендегiдей құрамда құрылсын:
Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы - аудан әкімiнiң
орынбасары, Кеңес
төрағасы;
Сармағамбет Гүлсiм Ғайнетденқызы - аудандық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтiк
қорғау бөлiмінің
бастығы, Кеңес
төрағасының
орынбасары;
Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi
аппаратының iшкi
саясат және әлеуметтiк
сала жөніндегi бас
маманы, Кеңес хатшысы.
Кеңес мүшелерi:
Ахметжанов Рамазан Мұғзиенұлы - аудандық Мүгедектер
қоғамының төрағасы
(келiсiм бойынша);
Құтқожаев Нұрболат Жалғасқалиұлы – «Сырым» ауылдық несие
серiктестiгi»
жауапкершiлiгi
шектеулi
серiктестiгінің
басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша);
Сарғозыұлы Отарбай - аудандық Ардагерлер
Кеңесінің төрағасы
(келiсiм бойынша);
Санкибаева Бақтылы Санкибайқызы - Зағиптар қоғамының
бастауыш ұйымының
төрайымы (келiсiм
бойынша);
Сүйенғалиева Аққыз Тыныштыбайқызы - Қызыл Жарты ай
қоғамының аудандық
өкiлдiгінің төрайымы
(келiсiм бойынша).
2 2. Кеңес туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
3 3. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңестiң дербес құрамы мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Жакиевке жүктелсiн.
5 Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 21-5 қаулысына N 1 қосымша
Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Консультативтiк-кеңесшi орган - үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актілерi және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестiң төрағасы - аудан әкімінің орынбасары болады. Аудандық Кеңестiң құрамына аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бөлiмінің, аудандық мемлекеттiк органдарының, үкіметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Кеңестiң дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.