Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 222
- Дата принятия
- 29.12.2003
- Показанная редакция
- 29.12.2003 · действующая 18316_291991.kaz
- Последнее изменение
- 29.12.2003
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002417
- Идентификатор ЭКБ
- 18316
- Идентификатор редакции
- 18316_291991
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:38
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылдың 17 наурыздағы N 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2 2. Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
3 3. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 18 қарашадағы N 201 "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы" қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа жүктелсін.
5 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 222 қаулысымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Консультативтік Кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестің төрағасы аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ауданның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.