Перейти к тексту документа

Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы

Положение · № 4-8 · принят 14.01.2004
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18452/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы Утратил силу Положение ·№ 4-8 ·14.01.2004
Редакция от 14.01.2004
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 14.01.2004. Это последняя редакция в корпусе.

Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 4-8 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы
Наименование (каз.)
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
4-8
Дата принятия
14.01.2004
Показанная редакция
14.01.2004 · действующая 18452_290726.kaz
Последнее изменение
14.01.2004
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002461
Идентификатор ЭКБ
18452
Идентификатор редакции
18452_290726
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:35

0 Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1-тармағын және 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Аудандық мәслихаттың "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы" N 3-4 (10 желтоқсан 2003 ж.) шешімі өз күшін жойды деп есептелінсін.

2 2. «Аудан аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі» жалғамаға сай бекітілсін (Ереже мәтіні жалғанды).

3 Иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ережелері

Аудандық мәслихаттың
14 қаңтар 2004 ж.
N 4-8 шешіміне жалғама
Иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың
ережелері

1 1. Жалпы ережелер

Ереже 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сүйеніп жасалды.

1-1

1-1. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 аптаның ішінде міндетті түрде тіркелуге тиіс, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, осы қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, жергілікті мал дәрігерлік емханаларда паразиттік ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.

1-2 1-2. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады.

1-3 1-3. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі.

1-4 1-4. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің шешімімен иесінен алынып бөлек ұсталады.

1-5 1-5. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді, мысықтарды ұстап жою үшін арнаулы топтар жасақталып, олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылады.

1-6 1-6. Бұл Ереже Қаратөбе ауданының барлық үй жануарлары иелеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

2 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

2-1 2-1. Үй жануарларын (ит, мысық) жайлы орындарда санитарлық жағдайда ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалса ветеринарлық дәрігерге апаруға.

2-2 2-2. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару.

2-3 2-3. Үй жануарларын (ит, мысық) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға, ескертпе белгілері болуды қамтамасыз етуге.

2-4 2-4. Адамды, малды ит қауіп алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, карантин қою үшін апаруға.

2-5 2-5. Үй жануарларының мүддесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.

2-6 2-6. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының (ит, мысық) келтірген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.

3 3. Ветеринария туралы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

3-1 3-1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңдарының бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит, мысық) иелері Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

Действующая