Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 13
- Дата принятия
- 15.01.2004
- Показанная редакция
- 15.01.2004 · действующая 18454_290720.kaz
- Последнее изменение
- 15.01.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002465
- Идентификатор ЭКБ
- 18454
- Идентификатор редакции
- 18454_290720
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:35
0 Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, әкімшілік тосқауылдарды жою, келешегі бар идеяларды алға жылжыту және дамытуға кедергі жасайтын өзекті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғама № 1).
2 2. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже беркітілсін (жалғама № 2).
3 3. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің құрамы аудандық Мәслихаттың сессиясына ұсынылсын.
4 Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің құрамы:
Аудан әкімдігінің
15 қаңтардағы 2004 ж.
№ 13 қаулысына № 1 жалғама
Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің
құрамы:
Утегулов Арман Кәрімұлы - аудан әкімі, Кеңес төрағасы
Альжанов Рүстем Құсанұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Тойшыбаева Рысты Нұрлыбайқызы - аудан әкімі аппаратының
шағын, орта бизнесті дамыту
және экономика бөлімінің
меңгерушісі, комиссия
хатшысы
Мүшелері:
Сарсенғалиев Ерболат Нұрмұханұлы - "Қалдығайты" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
төрағасы
Нұрқожа Қайрат Сейтжанұлы - "Алтын дән" шаруа
қожалығының жетекшісі
Жұмағалиев Батырбек Құсанұлы - "Жолбарыс" шаруа
қожалығының жетекшісі
Шүйіншалиева Асима - жеке кәсіпкер (өз
келісімімен)
Табылдиев Берікқали Аманғалиұлы - "Сабынкөл" шаруа
қожалығының жетекшісі
Мусаева Гүлнар Орынбасарқызы - жеке кәсіпкер
Қожахметов Макар Жұмағұлұлы - "Макар" шаруа қожалығының
жетекшісі
Ержанова Алмагүл Бауыржанқызы - "Гүлрайхан" шаруа
қожалығының жетекшісі
5 Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
15 қаңтардағы 2004 ж.
№ 13 қаулысымен № 2 жалғама
Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік басқару органдарының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз байланыста болуына ықпал жасайтын, шағын және орта бизнестің басым бағытын анықтайтын консультативтік Кеңесші орган болып табылады.
2 2. Кеңес өз жұмысында Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3 3. Кеңес кәсіпкерлерден, Заңды тұлғалардан құрылады және аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
4 4. Кеңесті аудан әкімі басқарады.
2 2. Кеңестің міндеттері
1 1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың аумақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруға ықпал жасау.
2 2. Заңдарда белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру, Заңды құқықтарын қорғау және жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерін қабылдау кезінде олардың пікірлерін ескеру.
3 3. Кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық бірлестіктерінің ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жоюға бағытталған бастамаларын қолдау.
3 3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес:
1 1. Шағын бизнестің салалық, кәсіби және аумақтық одақтарымен, ассоциацияларымен, басқа да құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
2 2. Келісілген шешімдерді пысықтау үшін шағын бизнесті қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3 3. Осы мақсатта тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, комиссияның бірлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;
4 4. Заңдарда белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерліктің өкілдерін әкімнің шешімінің жобаларын дайындауға, шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын, іс-шараларын әзірлеуге, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасайтын өзекті мәселелерді шешуге тартады;
5 5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің, одақтарының, ассоциацияларының қатысуымен аумақтық өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.
4 4. Кеңестің құқықтары
Кеңес өз қызметін жүзеге асыру үшін: