Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
- Наименование (каз.)
- Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 20.01.2004
- Показанная редакция
- 20.01.2004 · действующая 18455_290719.kaz
- Последнее изменение
- 20.01.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002466
- Идентификатор ЭКБ
- 18455
- Идентификатор редакции
- 18455_290719
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:34
0 Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын және кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаттық кезекті сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2 2. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (жалғанды).
3 3. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы" № 196 қаулысы бұзылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
5 Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесі
Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілді
Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің
ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
2 2. Кеңестің төрағасы аудан әкімінің орынбасары болып табылады.
3 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және осы ережені басшылыққа алады.
2 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
4 4. Кеңестің негізгі мақсаттары:
1 1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
2 2) халықтық құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру;
3 3) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру.
4 4) еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы міндеттемелерді орындалуда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.
5 5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1 1) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінде құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2 2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының жұмысын талдау;
3 3) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына ұсыныстар әзірлеу;
4 4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
3 3. Кеңес қызметтерінің түрлері
6 6. Кеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1 1) өзара ақпарат алмастыру;
2 2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстық жағдайын бірлесіп талқылау;
3 3) ауданның атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;
4 4) құқықтық білім "күндерін", "аптасын", "айлығын" өткізу;
5 5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстық жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстық шартын әзірлеу және бекіту;
6 6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу.
7 7. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
4 4. Кеңестің функциялары
8 8. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:
1
1) ауданның мемлекеттік кәсіпорындарында, мекемелерінде құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстық жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруда көмек көрсетеді;