Перейти к тексту документа

Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Постановление · № 6 · принят 16.01.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 16.01.2004
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18459/?version=18459_290715.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Действует Постановление ·№ 6 ·16.01.2004

Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

ҚАЗТуберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Действует Постановление ·№ 6 · принят 16.01.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Наименование (каз.)
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
6
Дата принятия
16.01.2004
Показанная редакция
16.01.2004 · действующая 18459_290715.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
16.01.2004
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002471
Идентификатор ЭКБ
18459
Идентификатор редакции
18459_290715
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:35

0 Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Ауданда туберкулез ауруына қарсы күрес жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын.

2 2. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

3 3. Қоса беріліп отырған туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін.

4

4. Аудан әкімінің 2001 жыл 19 наурыздағы № 35 а "Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" (тіркеу 02.07.2001 ж. № 931), 2003 жыл 22 мамырдағы № 23 "Аудан әкімінің "Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жыл 19 наурыздағы № 35 а шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (тіркеу 5.06.2003 жыл № 2178) шешімдерінің күші жойылды деп, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы № 116 «Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке жүктелсін.

6 Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады (бұдан әрі - Кеңес).

2 2. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, қаржы, ауылшаруашылығы, малдәрігерлік, білім бөлімдерінің өкілдері енеді.

3 3. Туберкулезбен күрес жөніндегі Кеңес:

1 1) туберкулезбен күресу жөніндегі ауданда атқарушы органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады;

2 2) жергілікті жерде алдын ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, малдәрігерлік станциясы, ішкі істер бөлімі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.

4 4. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжілісі бекітеді.

5 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімі жүзеге асырады.