Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 7
- Дата принятия
- 16.01.2004
- Показанная редакция
- 16.01.2004 · действующая 18460_290714.kaz
- Последнее изменение
- 16.01.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002472
- Идентификатор ЭКБ
- 18460
- Идентификатор редакции
- 18460_290714
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:35
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).
2 2. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
3 3. Кеңес туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
4 4. Аудан әкімдігінің 2003 жыл 26 қарашадағы N 111 "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шыныбековке жүктелсін.
6 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы
N 7 қаулысымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестің төрағасы аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына аудан әкімі аппаратының ішкі саясат жөніндегі бас маманы, аудандық мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31, 33 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.