Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
ҚАЗМүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 4
- Дата принятия
- 20.01.2004
- Показанная редакция
- 20.01.2004 · действующая 18462_290711.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.01.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002476
- Идентификатор ЭКБ
- 18462
- Идентификатор редакции
- 18462_290711
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:34
0 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1758 қаулысын және 2002 жылғы 1 тамыздағы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" № 149 (мемлекеттік тіркеу № 1749) қаулысын іске асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды қоғамға жан-жақты және толық бірігуіне ықпал ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің құрамы құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2 2. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Аудан әкімінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы" № 197 қаулысы бұзылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
5 Мүгедектердің ісі жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен бекітілді
Мүгедектердің ісі жөніндегі Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ереже
1
1. Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудандық әкімият жанындағы Кеңесші-мәжіліс органы болып табылады. Кеңес құрудың мақсаты мүгедектердің әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметтерін үйлестіру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.