Перейти к тексту документа

Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы

Постановление · № 4 · принят 20.01.2004
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18462/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы Действует Постановление ·№ 4 ·20.01.2004
Редакция от 20.01.2004
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 20.01.2004. Это последняя редакция в корпусе.

Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы

Действует Постановление ·№ 4 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
Наименование (каз.)
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
4
Дата принятия
20.01.2004
Показанная редакция
20.01.2004 · действующая 18462_290711.kaz
Последнее изменение
20.01.2004
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002476
Идентификатор ЭКБ
18462
Идентификатор редакции
18462_290711
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:34

0 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1758 қаулысын және 2002 жылғы 1 тамыздағы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" № 149 (мемлекеттік тіркеу № 1749) қаулысын іске асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды қоғамға жан-жақты және толық бірігуіне ықпал ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің құрамы құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2 2. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3 3. Аудан әкімінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы" № 197 қаулысы бұзылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.

5 Мүгедектердің ісі жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен бекітілді
Мүгедектердің ісі жөніндегі Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ереже

1

1. Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудандық әкімият жанындағы Кеңесші-мәжіліс органы болып табылады. Кеңес құрудың мақсаты мүгедектердің әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметтерін үйлестіру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.

2 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және осы Ережені басшылыққа алады.

2 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері

1 1. Мүгедектердің мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұжымдармен бірге әрекеттестік ету.

2 2. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектікке жалғасатын аурудың алдын-алу, мүгедектердің оңалту, әлеуметтік қорғау, оқыту және кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту мәселелері бойынша үйлестіру жөнінде нұсқаулар дайындау.

3 3. Мүгедектер мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

3 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

1 1. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырысын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасары, қажеттілігіне байланысты, тоқсанына кемінде бір рет отырысқа жинайды. Кеңес отырысы жартысынан көп мүшелері болған жағдайда ғана заңды болып саналады.

2 2. Жұмысты ұйымдастыруды, қажетті іс қағаздарды дайындауды, Кеңес нұсқауларын әзірлеудің Кеңес хатшысы атқарады. Кеңес өз жұмысын қоғамдық алғы шарттармен, жоспарға сәйкес орындайды.

3 3. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы және Кеңес мүшелерінің жалпы санының көп дауысы берілген жағдайда ғана қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданады.

4 4. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша протокол толтырылады, оған төрағаның қол қойылуымен хаттама құрастырылады.

Действующая