Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
ҚАЗАуданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 1
- Дата принятия
- 16.01.2004
- Показанная редакция
- 16.01.2004 · действующая 18483_291900.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 16.01.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002480
- Идентификатор ЭКБ
- 18483
- Идентификатор редакции
- 18483_291900
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:35
0 Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ауданның еңбек нарығындағы жағдайларды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы №149 Заңының 7, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары 1-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
2 2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4 4. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (Т. Каюпов) тапсырылсын.
5 5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (К. Садбеков) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.
6 6. Аудан әкімдігінің 2003 жыл 28 қаңтардағы №1 "Ауданда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы" (24.02.2003 ж. №1975 "Сарыөзен тынысы" газеті 2003 жыл 1 сәуір №10) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке жүктелсін.
8 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
N 1 қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
NN
Нысандардың аттары
Адам саны
1
Казталов ауылдық округі бойынша
178
2
Тереңкөл ауылдық округі бойынша
54
3
Қараоба ауылдық округі бойынша
96
4
Қошанкөл ауылдық округі бойынша
74
5
Бостандық ауылдық округі бойынша
89
6
Бірік ауылдық округі бойынша
93
7
Мирон ауылдық округі бойынша
58
8
Қайыңды ауылдық округі бойынша
70
9
Жалпақтал ауылдық округі бойынша
190
10
Ақпәтер ауылдық округі бойынша
62
11
Қарасу ауылдық округі бойынша
98
12
Қараөзен ауылдық округі бойынша
59
13
Талдықұдық ауылдық округі бойынша
82
14
Талдыапан ауылдық округі бойынша
64
15
Көктерек ауылдық округі бойынша
89
16
Жаңажол ауылдық округі бойынша
79
17
Аудандық мәдениет бөлімі
4
18
Аудандық демалыс орталығы
7
19
Аудандық білім бөлімі
4
20
Аудандық орталық кітапхана
4
21
Жалпақтал ауруханасы
4
22
Аудан әкімі аппараты
5
23
Аудандық қаржы бөлімі
6
24
Аудандық мұрағат бөлімі
3
25
Аудандық комиссариат
4
26
Аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық
5
27
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі
4
28
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
10
29
Аудандық зейнетақы төлеу орталығы
5
Барлығы:
1500
9 Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
N 1 қаулысына 2-қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
1 1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару.
2 2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу.
3 3. Құрылыс материалдарын дайындау (саман, пеш тас және қамыс буу), иесіз қалған ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзып алу.
4 4. Көмірмен жылытылатын әлеуметтік сала мекемелері үшін ауылдық округтерде қи дайындау.
5 5. Тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру.
6 6. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме-кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.
7 7. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық және мал санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу.
8 8. Мал және өсімдіктер аурулары мен шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру.
9 9. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру.
10 10. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты аспазшыға қосымша көмекші жіберу.
11 11. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп бүлдіруден қорғау.
12 12. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.
13 13. Мал өлімдіктерін көметін ескі шұңқырларды жою шараларын ұйымдастыру.
14 14. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жойып, залалсыздандыруды ұйымдастыру.
15 15. Ауыл маңындағы өзен көлдің бетіндегі мұз қабатының қатуына байланысты онда мекендейтін балықтарды сақтап қалу мақсатында ойық ою жұмыстарын ұйымдастыру.
16 16. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру.
26 Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және еңбекақы төлеудің уақытша ережесі
Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
N 1 қаулысына 3-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және
еңбекақы төлеудің уақытша ережесі
1 1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.
2 2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады.
Келісім-шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.
3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақыға Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен салық салынады және зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.