Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы
- Наименование (каз.)
- Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 23
- Дата принятия
- 12.02.2004
- Показанная редакция
- 24.04.2007 · действующая 18593_191559.kaz
- Последнее изменение
- 24.04.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04G0001198
- Идентификатор ЭКБ
- 18593
- Идентификатор редакции
- 18593_191559
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:29
0 Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне нақты қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 4 және 5 тармақтарының негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. 2004 жылдың 30 қаңтарындағы облыстық мәслихаттың үшiншi шақырылған II сессиясының "2004 жылғы облыстық бюджет туралы және 2002 жылғы облыстық бюджеттiң орындалуы туралы" N 2-4 шешiмiне сәйкес, облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне ассигнациялар есебiнен кредит беруге облыстық бюджеттен 110,0 миллион теңге бөлiнсiн.
2 2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып облыс Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы бекiтiлсiн.
3 3. Бюджеттiк кредит берудiң қаржылық агентiнiң мiндетiн атқарушы және қатысушы банктердi конкурс бойынша iрiктеу, сол сияқты соңғы несие алушылардың өткiзген құжаттарын қарау үшiн мынадай құрамда облыстық конкурстық комиссия құрылсын:
Жексембин Бөрiбай Биқожаұлы - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
Кәрентаев Амангелдi - облыс Әкiмi ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Тiлегенов Нұрмахан - облыс Әкiмi ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелерi:
Аманбеков Болат - облыс Әкiмi қаржы басқармасының бастығы;
Мәдиев Алмас Өскенбайұлы - облыс Әкiмi экономика басқармасының бастығы;
Иманалиев Бақытбек Зүбайраұлы - облыс Әкiмi аппараты экономика, қаржы және әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi.
4
4. Кредит беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдер Ережесiн бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылсын (әрі қарай Ереже).