Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы
- Наименование (каз.)
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 18
- Дата принятия
- 23.01.2004
- Показанная редакция
- 23.01.2004 · действующая 18623_294581.kaz
- Последнее изменение
- 23.01.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002499
- Идентификатор ЭКБ
- 18623
- Идентификатор редакции
- 18623_294581
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:33
0 Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия туралы" N 192 (мемлекеттік тіркеу N 2307) қаулысына сәйкес және ауданда авариялардан, апаттардан және басқа да стихиялардан болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды, бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын және оның құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Вячеслав Васильевич Пурахинге жүктелсін.
4 Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 қаңтардағы
N 18 қаулысымен бекітілді
N 1 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және авариялар, зілзала және басқа да оқиғалардың салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөнінен ұсыныстар дайындау мақсатында құрылды.
2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын, төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттіктің бұйрықтары мен қаулыларын, басқа нормативтік құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.