Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Действует
Постановление
·№ 17
·
по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
- Наименование (каз.)
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 17
- Дата принятия
- 18.02.2004
- Показанная редакция
- 18.02.2004 · действующая 18815_294585.kaz
- Последнее изменение
- 18.02.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002522
- Идентификатор ЭКБ
- 18815
- Идентификатор редакции
- 18815_294585
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:27
0 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның дербес құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2 2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ереже бекітілсін (жалғанды).
3 3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы" N 4 қаулысы жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.
5 Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес туралы Ереже
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 17 қаулысымен
бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және
өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес туралы
Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3
3. Кеңестің төрағасы аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ішкі саясат жөніндегі, ауданның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.