Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы
- Наименование (каз.)
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 14
- Дата принятия
- 18.02.2004
- Показанная редакция
- 18.02.2004 · действующая 18816_294588.kaz
- Последнее изменение
- 18.02.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002524
- Идентификатор ЭКБ
- 18816
- Идентификатор редакции
- 18816_294588
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:27
0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2 2. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (жалғанды).
3 3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 5 қаулысы жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (З. Сисенғали) жүктелсін.
5 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 14 қаулысымен
бекітілген
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы ақыл-Кеңес органы болып табылады, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.