Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 72
- Дата принятия
- 25.02.2004
- Показанная редакция
- 25.02.2004 · действующая 19085_291894.kaz
- Последнее изменение
- 25.02.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002558
- Идентификатор ЭКБ
- 19085
- Идентификатор редакции
- 19085_291894
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:25
0 Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі N 135 (2003 жылғы 21 шілдедегі тіркеу N 2242) қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
3 3. Аудан әкімдігінің "Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы" 2002 жылғы 31 қазандағы N 425 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Р. Нығыметовке жүктелсін.
5 Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес туралы Ереже
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 25 ақпандағы
N 72 қаулысымен бекітілген
Мүгедектер істері жөніндегі
аудандық Кеңес туралы
Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңес (бұдан әрі- Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативті-кеңестік орган болып табылады.
Кеңес құрудың мақсаты мүгедектікті азайтуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі ұсынбалар әзірлеу, аудан мүгедектерін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен бекітілген мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын, басқа да құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.