Перейти к тексту документа

Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Положение · № 4-14 · принят 20.02.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 26.02.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-19278/?version=AI19278_2.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Действует Положение ·№ 4-14 ·20.02.2004

Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

ҚАЗТабысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Действует Положение ·№ 4-14 · принят 20.02.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
4-14
Дата принятия
20.02.2004
Показанная редакция
26.02.2008 · действующая AI19278_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
26.02.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04GH001290
Идентификатор ЭКБ
19278
Идентификатор редакции
AI19278_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:26

0 Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір

жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 11 тармағына, 1997 жылғы 16
сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына және
аудан әкімінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 1-147 Ұсынысы негізінде аудандық
мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған табысы аз отбасыларына коммуналдық

қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі
бекітілсін.

2 2. Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 19 тамыздағы "Тұрғын үй

жәрдемақысын төлеу тәртібі және оның көлемі туралы Ережені бекіту туралы" № 16-7 шешімінің (облыстық Әділет басқармасында 2002 жылы 6 желтоқсанда №
789 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже

Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы
20 ақпандағы "Табысы аз отбасыларына
коммуналдық
қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы
материалдық
көмек көрсету туралы Ережесін бекіту туралы"
№ 4-14 шешімімен бекітілген
Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір
жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағының 2 бөлігі
негізінде аудандағы табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға
берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1 1. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібі

1 1. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық

көмек аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы арқылы ауыл, кент әкімдері жанынан құрылған атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссия қорытындысы бойынша төленеді.
2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық
көмек тұрмысы нашар отбасыларына жан басына шаққандағы бір айдағы орташа
табысы кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда беріледі.
3. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы ауыл, кент әкімдері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың
қорытындысымен бірге ұсынылған тізім және отбасылардың өтініші бойыншакоммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек
көлемін анықтайды және аудандық қаржы бөліміне қаржы бөлу жөнінде сұраныс
дайындайды.

2 2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері және ұсынылатын құжаттар тізбесі

4. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық
көмек мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 0,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
көрсетіледі.
5. Отбасы құрамына толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар,
интернат үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер, мерзімді әскери
қызметтегі адамдар, бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп
емдеудегі адамдар кірмейді.
6. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасына ұсынылатын құжаттарға учаскелік комиссияның қорытындысы,
материалдық көмекті қайда аударатындығы жөніндегі алушының өтініші (қолы
ауыл әкімдігі арқылы куәландырылады), материалдық көмек алушылардың тізімі
жатады.

3 3. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі

7. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық
көмек жергілікті бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде
ғана жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі
бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемеге аударылады.