Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
ҚАЗМатериалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 10-6
- Дата принятия
- 25.03.2004
- Показанная редакция
- 12.03.2008 · действующая 19293_209061.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 12.03.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04BO002388
- Идентификатор ЭКБ
- 19293
- Идентификатор редакции
- 19293_209061
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:18
0 Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабындағы 1 тармағына, 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеудің Ережелері бекітілсін (1 қосымша).
2 2. Тоқсан сайын материалдық қаржымен қамтамасыз етудің мөлшері 6,5 айлық есептеу көрсеткіштерімен бекітілсін.
3 3. Осы Ережелер 01.01.2004 ж. бастап қолданылсын.
4 4. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап күшіне енеді.
5 БЕКІТІЛГЕН
Қорғалжын аудандық
мәслихатының
N 10/6 25.03.04 ж
шешімімен
Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға
материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес әзірленген және үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
1 1. Жалпы Ережелер
1 1. Материалдық қамтамасыз етуді алуға, үйінде мүгедек бала оқытылып, тәрбиеленетін отбасылары құқықты.
2 2. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету отбасының кірісіне немесе басқа да көмек пен жәрдемақы түрлерін алуына тәуелсіз тағайындалады және төленеді.
2 2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі
3 3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, мүгедек баланың тұратын жері бойынша, баланың ата-анасының біреуінің, не оны ауыстыратын азаматтық (қамқоршысының) берген өтінішіне сәйкес жүзеге асыратын уәкілденген органмен жүргізіледі.
Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі: