Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- a-12-281
- Дата принятия
- 29.12.2003
- Показанная редакция
- 29.12.2003 · действующая 19553_160542.kaz
- Последнее изменение
- 29.12.2003
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03BG002242
- Идентификатор ЭКБ
- 19553
- Идентификатор редакции
- 19553_160542
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:38
0 Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы
Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 17 наурызда 1612 тіркелген "Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы" Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № а-2/68 қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру және мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің орынбасары
А.Қ.Еслямова
Аудандық халықты әлеуметтік
қорғау бөлімінің меңгерушісі Г.Павликова
Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Т.Кочергина
Туризм және спорт жөніндегі бас маман Н.Прилепко
Аудандық қаржы бөлімі
бастығының орынбасары Г.П.Вахрушева
6 Бұланды ауданы әкімдігінің
"Мүгедектер ісі жөнінде кеңес
құру туралы" 2003 жылғы 29.12.
№ 281 қаулысына 1 қосымша
Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің құрамы
Еслямова Ақнұр Қабиденқызы - аудан әкімінің орынбасары, төрайымы
Павликова Галина Васильевна - аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі
Харламова Татьяна Юрьевна - аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, хатшы
Рамазан Нина Сергеевна - аудандық емхананың Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне қызмет көрсету жөніндегі терапевті
Кочергина Татьяна Ивановна - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Грибовский Анатолий Михайлович - аудандық мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Әкімбаев Серік Құрмашұлы - аудандық зағиптар ерікті қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Прилепко Николай Николаевич - туризм және спорт жөніндегі бас маман
Вахрушева Галина Петровна - аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
7 Бұланды ауданы әкімдігінің
"Мүгедектер ісі жөнінде кеңес
құру туралы" 2003 жылғы 29.12.
№ 281 қаулысына 2 қосымша
Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже
1 1. Жалпы ереже
1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес (бұдан былай - Кеңес) Бұланды ауданы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Кеңесті құру мақсаты мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңын, Ақмола облысының әділет басқармасында 04.12.2003 жылда 2157 тіркелген, аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 қарашадағы № С-2/2 шешімімен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен басшылыққа алады.