Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Наименование (каз.)
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 65
- Дата принятия
- 21.04.2004
- Показанная редакция
- 21.04.2004 · действующая 19925_290742.kaz
- Последнее изменение
- 21.04.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002671
- Идентификатор ЭКБ
- 19925
- Идентификатор редакции
- 19925_290742
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:11
0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуірдегі № 377 Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың аталған міндеттерді орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімияты жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
2 2. Аудан әкімияты жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 5 сәуірдегі "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" № 64 қаулысы бұзылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
5 Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 22 сәуірдегі
№ 65 қаулысымен бекітілді
№ 1 қосымша
Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
6 Жалпы ережелер
1
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімияты жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қызметінің ведомствоаралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін құрылады.