Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 7-5
- Дата принятия
- 01.06.2004
- Показанная редакция
- 01.06.2004 · действующая 20346_339544.kaz
- Последнее изменение
- 01.06.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002696
- Идентификатор ЭКБ
- 20346
- Идентификатор редакции
- 20346_339544
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:02
0 Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармағын және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын басшылыққа алып Қаратөбе аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1.«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі жөніндегі Ереже N 1 қосымшаға сай бекітілсін;
2 2. Батыс Қазақстан облыстық Әділет Департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтіп келгеннен кейін баспасөз бетінде жария етілсін;
3 3. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 6-2 шешімі күшін жойды деп есептелсін.
4 Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ЕРЕЖЕ
Қаратөбе аудандық Мәслихатының
2004 жылғы 2 маусымдағы
N 7-5 шешімімен бекітілген
N 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын басшылыққа алып жасалды.
1 1. Тұрғын үй көмегі халықтық табысы жағынан аз қамтылған санаттарына:
1 1) тұрғын үйді ұстауға;
2 2) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге;
3 3) үй жалдауға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2 2. Тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу:
1 1) жалғызбасты зейнеткерлерге;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге, олармен теңестірілгендерге және күтушілеріне;
3 3) тұл жетім балаларға, ата-анасыз қалған балаларды қамқорлап бірге тұрған адамдарға;
4 4) зейнеткерлер отбасында егерде, олармен бірге жасы кәмелетке толмаған және 3 жасқа толмаған балалары болса;
5 5) асыраушысынан айырылған азамат, азаматшылар отбасыларына және жасы 45-тен асқан жұмыссыз әйел адамдарды және 50-ден асқан жұмыссыз ер азаматтарға жоғарыда аталған санаттардың ерлі-зайыптыларына отбасының жиынтық табысының - 15 пайыз, басқа санаттарға - 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3 3. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі:
1 1) өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасына сай бір адамға 18 шаршы метр шегінде;
2 2) жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде.
4 4. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.
5 5. Тұрғын үй көмегі құрамына:
1 1) суық су;
2 2) газ;
3 3) электро жарығы;
4 4) отын жұмыстары кіреді.
6 6. Төмендегі отбасылары:
мүгедектер және 80 жастан асқан қарияларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, күндізгі оқыту нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттерді, үш жасқа дейінгі және үштен жоғары балаларды тәрбиелеп отырған (баласының ең кішісінің бірінші сыныпты аяқтағанша), өзін-өзі қамту мақсатында жұмыстанып жүрген адамдарды қоспағанда, тұрғын үй көмегін алмайтындар: