Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 97/1
- Дата принятия
- 21.06.2004
- Показанная редакция
- 21.06.2004 · действующая 20425_327850.kaz
- Последнее изменение
- 21.06.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04P0002636
- Идентификатор ЭКБ
- 20425
- Идентификатор редакции
- 20425_327850
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:59
0 Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 16 наурыздағы «Мүгедектерді оңалтудың аудандық 2003 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы» № 79/3 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2 2. Кеңестің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсін.
4 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңестің ЕРЕЖЕСІ
Май ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «22» маусымдағы
«Мүгедектер ісі жөніндегі
аудандық кеңес құру туралы»
№ 97/1 қаулысымен бекітілген
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңестің
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Мүгедектерді ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңестің органы болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.