Перейти к тексту документа

Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы

Постановление · № 51 · принят 01.06.2004
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-20553/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы Утратил силу Постановление ·№ 51 ·01.06.2004
Редакция от 01.06.2004
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 01.06.2004. Это последняя редакция в корпусе.

Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы

Утратил силу Постановление ·№ 51 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы
Наименование (каз.)
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
51
Дата принятия
01.06.2004
Показанная редакция
01.06.2004 · действующая 20553_357328.kaz
Последнее изменение
01.06.2004
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V04B0002665
Идентификатор ЭКБ
20553
Идентификатор редакции
20553_357328
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:02

0 Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасынын 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 23 бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:

1 1. Аудан әкімдігі жанынан аудандық ономастика комиссиясы құрылсын. (1 қосымша).

2 2. Аудандық ономастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).

3 3. Комиссияның арнайы құрамы аудандық Мәслихат сессиясына бекітілуге енгізілсін.

4 4. Осы қаулы облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

5 Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің «2» 06 2004 жылғы
№ 51 «Аудан әкімдігі жанындағы
аудандық ономастика комиссиясы
туралы» қаулысына №1 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының құрамы
Аққожина Сағадат Қарабекқызы - аудан әкімінің орынбасары, Комиссия төрайымы.
Сыздықова Гүлнәр Қабылханқызы – ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы.
Ахмет Мұхит Шермуханұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы.
Асаинов Мұқаш Әкімжанұлы - аудандық мәдениет бөлімінің бастығы.
Төлешев Кенесбай Төлешұлы - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Аужанов Аманкелді Аужанұлы - аудандық архитектура бөлімінін бас маманы Бердина Мүгілсім Мұхамедқызы - Қорғалжын мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі (келісім бойынша).

6 Аудан әкімдігінің «2» 06 2004 жылғы

№ 51 «Аудан әкімдігі жанындағы
аудандық ономастика комиссиясы
туралы» қаулысына №2 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Аудандық ономастика комиссиясы консультациялық-кеңесу органы болып табылады.

2 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3 3. Комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады. Арнайы құрамы аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

4 4. Комиссия құрамында жергілікті мемлекеттік органдардың, білім саласының және басқа да мекемелердің уәкілдері бола алады. Сонымен қатар қоғамдық уәкілдері болуға мүмкін.

5 5. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.

6 6. Комиссия отырыстары тоқсанда бір рет өткізіледі

7 7. Комиссия отырыстарының күші бар деп саналады, егер оған оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса.

8 8. Комиссияның шешімі оның отырысында қатысып отырған комиссия мүшелерің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.

9 9. Комиссия өз қызметін аудан әкімінің қаулысымен тоқтатады.

2 2. Негізгі міндеттері және өкілеттері:

10 10. Мекемелерден, азаматтардан елді мекендердің, көшелердің, мекемелердің, кәсіпорындардың, басқа да объектілердің атуларының аталуы, қайта аталуы, және атаудың транскрипцияларына нақтылаулар енгізу жөнінде түскен хаттарды, арыздарды, ұсыныстарды талдап қорытындылау.

11 11. Комиссия өз құзыретіне қатысты сұрақтарды аудандық әкімдікке, аудандық мәслихатпен бірге, облыстық әкімдік және облыстық мәслихатқа енгізу үшін, халықтың пікірін есепке алып, келесі сұрақтар бойынша материалдар және ұсыныстар береді:

елді мекендерді, ауданды маңызы бар қалалар, поселкелер, ауыл, село категорияларына жатқызу, құрылуын, қысқартылуын немесе қайта құрылуын, олардың бағыныштылығының өзгертілуін;
селолық округтер мен елді мекендердің шекараларының өзгертілуін; селолық округтердің, елді мекендердің атаулары мен қайта аталуын.

Действующая