Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Наименование (каз.)
- Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 50
- Дата принятия
- 01.06.2004
- Показанная редакция
- 01.06.2004 · действующая 20578_357347.kaz
- Последнее изменение
- 01.06.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04B0002679
- Идентификатор ЭКБ
- 20578
- Идентификатор редакции
- 20578_357347
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:02
0 Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы» 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 ақпандағы 193 санды «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатымен және бұл аурудың жыныс жолдары арқылы, есірткі қабылдаушылар арқылы берілетінін ескере отырып аудан әкімдігі қаулы етеді:
1 1. Қорғалжын ауданында Жұқпалы қорғаныс тапшылығы белгісінің (одан әрі-ЖҚТБ), жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (одан әрі-ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олар мен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын. (1 қосымшада).
2 2. Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2 қосымшада).
3 3. Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
4 4. Осы қаулы облыстық әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
5 Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2.06.
2004 жылғы «Қорғалжын ауданында
ЖҚТБ-ның, ЖЖБА-ның, есірткі
құмарлықтың алдын алу және
оларға қарсы күрес жөніндегі
үйлестіру Кенесі туралы»
қаулысына №1 қосымша
Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
1 1. Аққожина Сағадат Қарабекқызы - Аудан әкімінің орынбасары, кеңестің төрайымы
2 2. Мұкышева Күлмаш Күлмағамбетқызы - Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, кеңес төрайымның орынбасары
3 3. Королькова Светлана Юрьевна - Аудандық орталық аурухананың дәрігері, кеңестің хатшысы
4 4. Сыздықова Гүлнәр Қабылханқызы - Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы
5 5. Бекбосынов Асет Шәкратұлы - санитарлық-эпидемиология бақылау бөлімінің бас дәрігері
6 6. Ахмет Мұхит Шермұханұлы - Аудандық білім бөлімінің бастығы.
7 7. Найманбаев Егінбай Қазенұлы - Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
8 8. Мұқанов Төлеухаң Құдайбергенұлы - Спорт және туризм бөлімінің бас маманы
9 9. Асаинов Мұхамед Әкімжанұлы - Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы
10 10. Қарымсақеш Ғабдолла - «Қорғалжын өңірі» газетінің редакторы келісім бойынша
11 11. Төлеубаев Қайрат Ахтанұлы - Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы.
17 Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2.06.
2004 жылғы «Қорғалжын ауданында
ЖҚТБ-ның, ЖЖБА-ның, есірткі
құмарлықтың алдын алу және оларға
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру
Кенесі туралы» қаулысына
№1 қосымша
Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткіқұмарлыктың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Жұқпалы қорғаныс тапшылығы белгісі (одан әрі-ЖҚТБ), Жыныс жолымен берілетін аурулар (одан әрі-ЖЖБА), есірткіқұмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан былай - Кеңес) аудан аймағында жыныс жолдарымен берілетін ауруларды, есірткіқұмарлықты таратылуының алдын алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары және басқа мекемелермен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
2 2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының және басқа мекемелерінің өкілдері кіреді.
3 3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4 4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1 1) ЖҚТБ; ЖЖБА, есірткіқұмарлық таралуының алдын алу бойынша шаралар өткізу мақсатында басқа мекемелермен өзара іс әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру;
2 2) ЖҚТБ, ЖЖБА, есірткіқұмарлық бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру
бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.