Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 171
- Дата принятия
- 21.07.2004
- Показанная редакция
- 21.07.2004 · действующая 20964_322160.kaz
- Последнее изменение
- 21.07.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04T0002104
- Идентификатор ЭКБ
- 20964
- Идентификатор редакции
- 20964_322160
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:51
0 Жылыой аудандық әкімиятының
резерв қаражатын пайдалану ережесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-І «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13-бабына және Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы №141 «Атырау облысы әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Шәлиевке жүктелсін.
3 Аудандық әкімияттың 2004 жылғы
22 шілдедегі № 171 қаулысымен
бекітілген
Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесі.
Осы Ереже Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережелерде төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
1 1) Жылыой ауданы әкімиятының резерві (әрі қарай аудан әкімиятының резерві) аудандық бюджетке тиісті қаржы жылына көзделген және аудан әкімияты қаулысы бойынша бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінетін қаражат;
2 2) көлденең шығыстар – ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
3
3) аудан әкімиятының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың (әрі қарай - жергілікті мемлекеттік органдар) міндеттемелерін өтуге арналған әкімият резерві құрамындағы қаражат – аудан әкімияты резервінің құрамында көзделген және сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
2 2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатады:
1 1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу, бұлар:
төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
шұғыл қимыл жасайтын апаттық-құтқару және апаттық келтіру бөлімшелерді құтқару техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақаттармен қосымша жарақтандыру;
2 2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу;
3 3) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.
2 2. Жылыой ауданы әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
3 3. Аудан әкімиятының резерв қаражаты қатаң түрде мақсатты болады және осы Ереже аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы қаулысымен көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
4 4. Аудан әкімияты резервінен қаржы бөлу туралы қаулы дайындалған кезде төмендегі шарттар ескеріледі:
1 1) ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттен қаражаттың болмауы;
2 2) сот шешімдері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен аудан әкімиятының міндеттерін өтеу жағдайларын қоспағанда әкімият резерв қаражатында қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
3 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге көлденең шығыстарға қаражат бөлу
5 5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайлар аймақтық ауқымы болуы керек.
6 6. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия айқындайды.
7 7. Аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар жөніндегі жоюға арналған қаражатты бөлу туралы қаулының жобасын аудандық әкімиятқа енгізеді.
4 4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
8
8. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың орындау құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті мемлекеттік органдар сот шешімдері бойынша төлем бойынша жүргізулері міндетті, қолда бар негіз болған жағдайда, көрсетілген шешімдер мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары тұрған сотқа арыздануға тиіс.