Перейти к тексту документа

Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Постановление · № 146 · принят 01.08.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 01.08.2004
https://adilet.kz/ru/laws/doc-21209/?version=21209_177692.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы Действует Постановление ·№ 146 ·01.08.2004

Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

ҚАЗЭротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Действует Постановление ·№ 146 · принят 01.08.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
146
Дата принятия
01.08.2004
Показанная редакция
01.08.2004 · действующая 21209_177692.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.08.2004
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04TA002123
Идентификатор ЭКБ
21209
Идентификатор редакции
21209_177692
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 19:49

0 Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құрылдары туралы» Заңының 14 бабы 2 тармағын басшылыққа алып, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын реттеу мақсатында, қалалық әкімият, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін (жалғанды).

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.Мұрзатасвқа жүктелсін.

Жобаны ұсынған:
Қала әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы С. Өтепбаев
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары В.Жұмыров
Қала әкімінің орынбасары Ә.Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары Р.Мұртазаев
Қала әкімі аппаратының жетекшесі Б.Тәтішев
Қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бастығы К. Қалиев
Қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы К.Ермекова
Қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Қ.Аюпова

3 Қалалық әкімиятының

2004 жылғы 2 тамыз
№ 146 қаулысына қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құрылдары туралы» Заңының 14 бабы 2 тармағын басшылыққа алып, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын реттеу мақсатында жасақталды.
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатуға тек жапсырылған мөлдір орамдарда және осындайларды сатуға арналған, арнаулы бөлінген стационарлық орын-жайларда жол беріледі.
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатуға рұқсат «Қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен беріледі.
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың орналасу орындары «Қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен белгіленеді.
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін төмендегідей талаптар қойылады:
- сатушылар кәмелеттік жаста болуы керек;
- сату кезінде осындай басылымдарды сату көрмелеріне, көпшіліктің көзіні түсетін жерге қоюға тиым салынады;
Эротакалық сипаттағы басылымдарды сату орны басқа сауда орындарынан бөлек және оқшау орналасуы, бөлек есігі болуы керек.
Кіре берісте « 18 жасқа дейінгілерге кіруге болмайды» деген жазуы бар тақта ілінуі керек, осындай талаптар эротикалық сипаттағы киноларды,бейне өнімдерді сатқан кезде де қойылады.
Қаладағы сауда объектілерінің сауда тізіліміне тіркелу қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімімен жүргізіледі.